Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Астанаға Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушылары келеді

Астанаға Ресейдің танымал мәнерлеп сырғанаушылары келеді

Этери Тутберидзе командасының 1 мамыр күні Астанада өтуі жоспарланған шоуы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл ақпаратты Тутберидзе командасының телеграм-арнасы жариялады.

Бұған дейін «Барыс Арена» тарапынан келісім-шарттың біржақты бұзылуына байланысты шоу тоқтатылғаны хабарланған еді.

«Барлық туындаған мәселелерді шешуде көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін Қазақстан басшылығына алғыс білдіреміз. Құрметті көрермендер! Міндетті түрде келіңіздер, сіздерді жарқын әрі ұмытылмас шоу күтіп тұр!» — делінген хабарламада.

Еске салсақ, шара 1 мамыр күні Астана қаласында өтеді. Шоуда Алина Загитова, Евгения Медведева, Александра Трусова, Аделия Петросян, Пётр Гуменник және Элизабет Тұрсынбаева секілді жұлдыздар өнер көрсетеді деп күтілуде.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан