Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

MEGOGO Қазақстандағы онлайн-кинотеатрлар арасында алғаш болып сервис ішінде Kaspi QR арқылы төлем жасауды енгізді

MEGOGO Қазақстандағы онлайн-кинотеатрлар арасында алғаш болып сервис ішінде Kaspi QR арқылы төлем жасауды енгізді

Халықаралық стриминг-сервис MEGOGO Қазақстан нарығындағы онлайн-кинотеатрлар арасында алғаш болып жазылымды тікелей сервис ішінде Kaspi QR арқылы төлеу мүмкіндігін енгізді. Енді пайдаланушылар банк картасының деректерін енгізбей-ақ, сайтта да, Smart TV арқылы да жазылым рәсімдей алады.

Жаңа мүмкіндік жазылым алу немесе контент сатып алу кезінде қосылған. Төлем жасағанда Kaspi QR-ды таңдап, Kaspi қосымшасында растау ғана жеткілікті. Енді сервиске қосылу бұрынғыдан да оңай әрі жылдам.

Kaspi QR қазір Қазақстанда ең жиі қолданылатын төлем тәсілдерінің бірі. Оны MEGOGO-ға қосу пайдаланушыларға ыңғайлырақ болды, өйткені адамдар үйренген тәсілмен, тіпті Smart TV арқылы да оңай төлей алады. Ішкі тест нәтижесі бойынша, осындай жеңіл төлем тәсілі арқылы адамдар жазылымды бұрынғыға қарағанда жиі рәсімдей бастады.

«Біз Қазақстандағы пайдаланушылар үшін сервисті барынша ыңғайлы етуді көздейміз. Kaspi — күнделікті төлем жасау құралы. Сондықтан MEGOGO-ға қосылу енді сол үйреншікті форматта жүзеге асатыны заңды», — деп атап өтті MEGOGO-ның Қазақстандағы директоры Нұрлан Чукубаев.

Kaspi QR арқылы сервис ішінде төлеу жазылымды көп адамға қолжетімді етеді. Әсіресе халықаралық төлем жүйелерін қолданбайтын немесе карта деректерін интернетте енгізгісі келмейтіндер үшін ыңғайлы.

Жергілікті төлем тәсілдерін дамыту — MEGOGO-ның Қазақстандағы негізгі бағыттарының бірі. Компания пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сервисті үнемі жеңілдетіп, жазылым рәсімдеуді барынша оңай етіп келеді.

Қазір MEGOGO платформасында фильмдер, сериалдар, спорттық трансляциялар және мультфильмдер сияқты әртүрлі әлемдік контент бар. Сервис барлық жастағы және әртүрлі талғамдағы адамдарға арналған, әрі Қазақстан нарығына сай мүмкіндіктерді дамытып жатыр.




Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан