Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Жағажай волейболы: Қазақстан Индонезиядағы турнирдің ширек финалға шықты 

Жағажай волейболы: Қазақстан Индонезиядағы турнирдің ширек финалға шықты 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Индонезияның Раджа Ампат қаласында жағажай волейболынан Raja Ampat Open 2026 халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ерлер мен әйелдер командасы арасындағы плей-офф кезеңінің ойындары өтті. Қазақстан-1 ерлер командасы 1/8 айналымда Филиппин-1 құрамасын 2-0 есебімен жеңді. Айта кетейік, мұнда Сергей Богату Сергей мен Кирилл Гурин жұбы өнер көрсетеді.

Алайда біздің қалған командалар келесі кезеңге шыға алмады.

Ерлер: Қазақстан-2 - Индонезия-1 (0-2)

Әйелдер:

Қазақстан-1 - Жапония-1 (0-2)

Қазақстан-2 - Жаңа Зеландия-1 (0-2)

Енді Ұлттық құрама ертең ширек финалда Таиланд-1 волейболшыларымен шеберлік байқасады. Барлығы турнирге 10 мемлекеттен 80 спортшы жиналды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан