Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты басталды

Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты басталды

Бүгін Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды Sport12.kz

Ауқымды құрлықтық додаға 14 елден 200-ден астам спортшы қатысуда.

Биылғы чемпионатта Қытай, Индонезия, Үндістан, Иран, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Малайзия, Непал, Филиппин, Сингапур, Таиланд және Тайпей елдерінің үздік спортшылары бақ сынайды. Жарыс үш негізгі дисциплина (жылдамдық, қиындық және боулдеринг) бойынша өтеді.

Қазақстан құрамасы да құрлық біріншілігінде толық құраммен өнер көрсетеді. Осы жолы ел намысын 17 атлет қорғайды. Бұл қатарда Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Тамара Ұлжабаева, Дамир Тоқтаров, Алексей Панфилов, Арина Новицкая, Анна Баларшина, Азат Майкотов және басқа да спортшыларымыз бар. Командаға аға жаттықтырушы Сәуле Ысқақова жетекшілік етеді.

Ертең жарыстың алғашқы күні боулдеринг бойынша іріктеу кезеңдері өтеді.

Айта кетейік, Азия чемпионаты - халықаралық рейтинг пен ірі додаларға жолдама беретін маңызды бәсекелердің бірі. Сондықтан бұл турнирде әрбір қатысушы үшін ұпай жинау мен тәжірибе арттыру аса маңызды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан