2 күн бұрын
Қазақстандық шахматшы күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшы Алуа Нұрман Германияда өткен Freestyle Chess Open-2026 турнирінде күміс жүлдеге ие болды.
18 жастағы спортшы сегіз тур қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, әйелдер арасындағы есепте екінші орын алды. Турнир жеңімпазы атанған үндістандық Харика Дронавали қосымша көрсеткіштер бойынша Нұрманнан озып кетті. Үшінші орынды германиялық Динара Вагнер иеленді.
Жарыс қорытындысы бойынша Алуа Нұрман фристайл шахматтан 2027 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды.
Айта кетейік, турнир барысында қазақстандық шахматшы әлем чемпионы Магнус Карлсенмен бірге суретке түсіп, көпшіліктің назарын аударды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан