Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Шахматшы Алуа Нұрман әлем чемпионатына жолдама алды

Шахматшы Алуа Нұрман әлем чемпионатына жолдама алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Ұлттық құрама ойыншысы Алуа Нұрман Германияда аяқталған фристайл-шахматтан GRENKE Chess Festival жарысында әйелдер арасында 2-орынға ие болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

18 жастағы отандасымыз ерлермен бірге Open санатында бақ сынады. Жалпы кестеде 6 ұпай жинаған Алуа 39-сатыдан көрінді. Тек әйелдер арасындағы нәтижеде Нұрман жеңімпазға 8 турдан соң қосымша көрсеткіш бойынша есе жіберіп, 2-орынға тұрақтады.

Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:

1. Харика Дроновали (Үндістан, 6 балл)

2. Алуа Нұрман (Қазақстан, 6 балл)

3. Динара Вагнер (Германия)

Үш жүлдегер 2027 жылдың басында фристайл-шахматтан (Фишер шахматынан) өтетін ӘЧ-на жолдамаға қол жеткізді. Тағы бір отандасымыз Меруерт Камалиденова 5,5 балл, Ксения Балабаева 5 балл еншіледі.

Жалпы Open санатында Винсент Кеймер (Германия) 7,5 ұпаймен жеңімпаз атанды. Одан кейінгі сатыға Максим Вашье-Лаграв (7 ұпай, Франция) пен классикалық шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, 7 ұпай) жайғасты.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан