4 сағат бұрын
Спорттық құзға өрмелеуден отандастарымыз боулдеринг іріктеуінде сынға түсті
Бүгін Мэйшаньда (ҚХР) спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионатында боулдеринг бойынша іріктеу бәсекелері өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар келесі кезеңге шыға алмады.
Ерлер арасында Азат Майкотов 35 ұпай еншіледі. Алексей Панфилов 29,6 ұпай, Вадим Ишмухаметов, Цой Кымсан және Глеб Семьешкин 19,7 ұпай жинап, жарысты аяқтады.
Ал әйелдер арасында Полина Андрееваға 20 ұпай бұйырды. Дарья Кузьменко 19,7, Айханым Айдарханқызы 19,6, ал Виктория Адаменко 10 ұпаймен іріктеу кезеңін қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов