4 сағат бұрын
Астанада шахматтан Senat Open жарысының ширек финалы өтеді
2026 жылғы 12 сәуірде Астана қаласында Senat Open 2026 республикалық шахмат турнирінің 1/4 финалы өтеді, деп хабарлайды Sport12.kz
Жобаның негізгі мақсаты — шахматты кеңінен насихаттау, зияткерлік спортты дамыту, әртүрлі сала өкілдері арасындағы өзара байланысты нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Senat Open 1/4 финалында 2026 жылдың 1–28 ақпанаралығында өткен
1/8 кезең аясындағы 7 іріктеу турнирінен үздікқатысушылар бақ сынайды:
• 07 ақпан – мемлекеттік қызметшілер және ұлттықкомпания қызметкерлері арасындағы турнирдің 20 үздігі
• 08 ақпан – ардагерлер арасындағы 20 үздік
• 14 ақпан – білім саласы қызметкерлері арасындағы20 үздік
• 15 ақпан – мәдениет және өнер саласықызметкерлері арасындағы 20 үздік
• 21 ақпан – денсаулық сақтау қызметкерлеріарасындағы 20 үздік
• 22 ақпан – бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріарасындағы 20 үздік
• 28 ақпан – құқық қорғау және күштік құрылымқызметкерлері арасындағы 20 үздік
Осылайша, барлығы 140 үздік ойыншы 1/4 финалда өзара мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов