Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде кезекті ойынын өткізді

Бибісара Асаубаева үміткерлер турнирінде кезекті ойынын өткізді

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан үміткерлер турнирінде кезекті партиясын өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Тоғызыншы турда Асаубаева ресейлік шахматшы Александра Горячкинамен кездесті. Партия тең нәтижемен аяқталды — 0,5:0,5.

Осылайша, қазақстандық шахматшы өз қоржынына тағы жарты ұпай қосып, беделді турнирдегі күресін жалғастыруда.

Келесі турда Бибісара Асаубаева Қытай өкілі Чжу Цзиньэрмен ойнайды.

2026 жылғы үміткерлер турнирі 28 наурыз бен 16 сәуір аралығында өтуде.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан