18 сағат бұрын
Қазақстандық спортшылар спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты 1/8 финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қытайдың Мэйшань қаласында спорттық құзға өрмелеуден өтіп жатқан сары құрлық додасында ерлер мен әйелдер арасындағы жылдамдық сайысының іріктеу кезеңдері өтуде, деп хабарлайды Sport12.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәтижесінде қазақстандық Әмір Маймұратов, Ришат Хайбуллин және Дамир Тоқтаров 1/8 айналымға шықты.
Өкінішке қарай, қалған спортшыларымыз іріктеу кезеңінен аса алмады.
Енді ел намысын қорғайтын отандастарымыз 1/8 финалда өнер көрсетеді. Келесі кезең бүгін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады.
Жанкүйерлер тартысты жарыстан жарқын нәтиже күтеді
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан