29.06.2023

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды

Шавкат Рахмонов

UFC президенті Дана Уайт Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегін жариялады. 16 қыркүйекте қазақстандық файтер америкалық Келвин Гастелуммен күш сынасады.

Бұл Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC турнирінің басты бәсекесі болады.

Гастелум 2010 жылдан бері кәсіби түрде өнер көрсетіп келеді. UFC орта салмақтағы рейтингінде 12-ші орында тұр.

Бұған дейін Гастелум жартылай орта салмаққа оралатынын мәлімдеген еді, промоушн басшылығы оның шешімімен келіскен болатын.

2019 жылдың сәуірінде Келвин UFC орта салмақтағы уақытша титулы үшін Исраэль Адесаньямен жекпе-жек өткізді, бірақ Жаңа Зеландиялықтан жеңіліп қалды.

Шавкат соңғы жекпе-жегін наурыз айында америкалық Джефф Нилге қарсы өткізіп, оны үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңді.

Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде алтыншы орында тұр.

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Футбол 13 минут бұрын

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирге қатысады

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Бокс 29 минут бұрын

Мемлекет басшысы Назым Қызайбайды құттықтады

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

Бокс 54 минут бұрын

Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшылар жеңісін кімге арнайды

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Футбол 57 минут бұрын

ҚХЛ: «Барыс» бүгін Ресейде «Сибирь» клубымен ойнайды

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды

Футбол 1 сағат бұрын

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапына қосылды

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атана алмады

Теннис 4 сағат бұрын

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атана алмады