4 сағат бұрын
Көркем гимнасшыларымыз топтық жаттығудан әлем Кубогында күміс жүлде алды
Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем Кубогының екінші кезеңінде алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
Араға 4 жыл салып, топтық жаттығудан
Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова бастаған аруларымыз 51,25 ұпаймен үздік үштікке кірді.
1-орын. Қытай – 55.90 ұпай
2-орын. Қазақстан – 51,25
3-орын. Бейтарап спортшылар – 51.10
Бұған дейін 2022 жылы дәл осы Ташкент төрінде отандастарымыз топтық жаттығуда қола жүлде еншілеген болатын.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов