4 сағат бұрын
Милад Карими Хорватиядағы әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды
Бүгін Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезекті жаттығудағы финалдары өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Керме дисциплинасында Ұлттық құрама спортшысы Милад Карими 2-орын алды. Ол финалда 14.933 ұпай жинады.
Жүлдегерлер:
1. Танг Чиа-Хун (Тайпей) 15.233 балл
2. Милад Карими (Қазақстан) 14.933 балл
3. Анхель Барахас (Колумбия) 14.833 балл
Айта кетейік, Қазақстан командасы Осиектігі доданы 2 күміс, 1 қола медальмен аяқтады. Кеше тұтқалы ат снарядында Зейнолла Ыдрысов күміс, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов