03.07.2024

Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Милад Карими Францияда чемпион атанды

Олимпиада жолдамасын жеңіп алған Милад Карими Францияда чемпион атанды

Францияның Труа қаласында алты мемлекет спортшыларының қатысуымен спорттық гимнастикадан өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшы Милад Карими чемпион атанды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті атап өткендей, Олимпиада қарсаңында өткен турнирге Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Швейцария және Қазақстан командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған жарыстың қорытындысы бойынша отандасымыз Милад Карими жеңімпаз атанды. Ол көпсайыста 83.750 ұпай жинаған. Карими ең көп ұпайды еркін жаттығудан алды - 15.000. 

Ал екінші орынды Ұлыбритания өкілі Джо Фрейзер иеленсе, үздік үштікті италиялық Марио Мачиати түйіндеді.

Бұл сында Миладтан бөлек Ілияс Азизов пен Нариман Курбанов та қатысты. Нариман тұтқалы ат снарядында 15.350 ұпай еншіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – спорттық гимнастика өкілі Милад Карими. Отандасымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын 2023 жылы жеңіп алды. Ол Олимпиада лицензиясын былтыр Бельгияның Антверпен қаласында өткен әлем чемпионатында қанжығасына байлады.


 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Теннис 1 минут бұрын

 Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші сатысына шықты

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Футбол 23 минут бұрын

Қайрат Нұрдәулетов «Ертіс» жанкүйерлеріне алғысын білдірді

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

Хоккей 1 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Чехия овертаймда Швейцарияны тізе бүктірді

ҚПЛ: «Жеңіс» елордада «Қайратқа» есе жіберді

Футбол 2 сағат бұрын

ҚПЛ: «Жеңіс» елордада «Қайратқа» есе жіберді

Мохамед Салах жылдың үздік ойыншысы атанды

Футбол 3 сағат бұрын

Мохамед Салах жылдың үздік ойыншысы атанды

Opta суперкомпьютері Еуропа Лигасының чемпионы кім болатындығын болжады

Футбол 4 сағат бұрын

Opta суперкомпьютері Еуропа Лигасының чемпионы кім болатындығын болжады