04.07.2024

Дияр Нұрғожайдың UFC- үшін таласта қарсыласы анықталды

Дияр Нұрғожайдың UFC- үшін таласта қарсыласы анықталды

Қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың Dana White's Contender Series турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sport12.

Дияр Нұрғожайдың қарсыласы – 26 жастағы поляк Бартош Шевчик. Ол өзінің спорт мансабында 8 рет жеңіске қол жеткізіп, 2 рет жеңіліс тауып, 1 жекпе-жекте тең нәтижені қанағат тұтқан.

27 жасар қазақстандық ММА файтері Дияр Нұрғожай мансабында 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жеткен. Сонымен қатар бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған Eagle FC лигасында 2022 жылдың тамызында чемпион атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас