06.07.2024
«Шахтер» футбол клубы ресейлік футболшымен келісімшарт жасасты

«Шахтер» футбол клубы ресейлік ойыншы Евгений Козловпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды SPORT12 тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін Евгений «Витязь» (Подольск), «Рубин» (Казань), «Волга» (Нижний Новгород), «Зенит» (Санкт-Петербург), «Динамо» (Санкт-Петербург), «Спартак» (Юрмала), «Шахтер» (Солигорск), Вентспилс» (Вентспилс), «Мохаммедан» (Калькутта) және қазақстандық «Акжаик», «Кызыл-Жар», «Атырау» командаларында ойнаған.
