07.07.2024
«Номад» шайбалы хоккейден Қазақстан кубогына қатыспайды

Елордалық «Номад» шайбалы хоккейден Қазақстан кубогына қатыспайды, , деп хабарлайды. sport12.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан кубогы өтетін мерзімде елордалық клубтағы хоккейшілердің басым бөлігі ұлттық құраманың олимпиадалық іріктеу кезеңіндегі оқу-жаттығу жиынына қатысады. Сондықтан команда Қазақстан кубогына қатыспау жөнінде шешім қабылдады.
Қазақстан кубогының алдын-ала іріктеу кезеңі 22-28 тамыз аралығында өткізіледі. Одан кейін жартылай финалда әрбір топтың жеңімпазы келесі топтың екінші орын алған клубымен кездеседі.
Финалдық ойын 31 тамыз бен 1 қыркүйекте Өскемен қаласында болады.
Ал олимпиадалық іріктеудің финалдық іріктеу кезеңі 29 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Словакия астанасы — Братиславада өтеді.
