07.07.2024
Мақсат Байжановтың төртінші перзенті дүниеге келді

«Қайсар» футбол клубы
«Қайсар» футбол клубының спорт директоры Мақсат Байжановтың төртінші перзенті дүниеге келді.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Осыған орай «Қайсар» клубының ұжымы берік отбасыға сәбилі болуымен құттықтап, кішкентай батырдың ғұмырлы болуына тілектестік білдіреді», - дейді команда басшылығы.
Мақсат Байжанов 1984 жылы дүниеге келген. 2002-2022 жылдарда көптеген клубтарда доп тепті. Ұлттық құрама сапында 30 кездесуде 1 гол соқты.
2023 жылдан бері «Қайсар» футбол клубының спорт директоры қызметін атқарады.
