25.07.2024

Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді

Астанада шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді

Спортты дамыту дирекциясы

1-6 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Конгресс-центр» ғимаратында шахматтан рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport12.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа 31 мемлекеттен 200-ден астам ойыншы тіркелген. Бұл қатарда Магнус Карлсен, Хоу Ифань, Цзюй Вэньцзюнь, Дин Лижэнь, Александра Костенюк, Ян Непомнящий, Нодирбек Абдусатторов, Ян-Кшиштоф Дуда, Прагнанандха Рамешбабу, Винсент Кеймер, Катерина Лагно және еліміздің үздік шахматшылары бар.

Рапид турнирі: әр ойынға 15 минут. 12 раунд швейцариялық жүйе және әр жүріс үшін 10 секундтан.

Блиц-турнир: Блиц-турнир екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде командалар топтастырылып, айналым жүйесі бойынша ойнайды. Үздік 16 команда екінші кезеңге, яғни плей-офф кезеңіне өтеді. Уақытты бақылау – әр ойынға 3 минут, әр жүріске 2 секундтан қосылады.

Чемпионаттың ашылу алдында ФИДЕ-нің 100 жылдығына арналған 45-ші шахмат Олимпиадасының салтанатты алау эстафетасы өтеді. Эстафета 1 тамызда сағат 19:00-де Мемлекеттік рәміздері алаңынан (Қабанбай батыр даңғылы, 3/1) Амфитеатрға дейін (Тұран даңғылы, 2/6) өтеді. Эстафетаға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, әлемнің үздік шахматшылары, қазақстандық спортшылар мен қайраткерлер қатысады.

Сағат 20:00-де Амфитеатрда рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатының салтанатты ашылуы басталады.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас