24.08.2024
Ауыр атлетикадан бапкері Алексей Ни спорттық қызметтен уақытша шеттетілді
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы жаттықтырушысы Алексей Ни спорттық қызметтен уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Sport12.
Алексей Ни 1961 жылы дүниеге келген. 1994-2016 жылдар аралығында ауыр атлетикадан ұлттық құраманың бас бапкері болды. Сол уақытта еліміздің алты ауыр атлеті Олимпиадада алған алтын медалін қайтарды. Олардың қатарында Илья Ильин екі, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Светлана Подобедова, Нижат Рахимов бір медалін қайтаруға мәжбүр болды.
Ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы болған ағасы Виктор төрт жылға шеттетілді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас