02.09.2024

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасына дайындығын бастады

ҚФФ

Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны басталды. Бүгін біздің команда алғашқы жаттығуын залда өткізді.

Қыркүйекте Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. Норвегиямен ойын 6 қыркүйек күні 19:00-де Алматының Орталық стадионында өтсе, Словенияға қарсы кездесу 9 қыркүйекте Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.

Ұлттық құрамаға шақыру алған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Сергей Малый («Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елімай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Талғат Кусяпов («КАМАЗ», Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Абзал Бейсебеков, Эльхан Астанов (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобол»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Оралхан Өміртаев (БАТЭ, Беларусь), Рамазан Кәрімов («Астана»);

Айта кетейік әзірге команда толық жиналған жоқ. Алғашқы жаттығудан үзіндіні төмендегі YouTube арнадан тамашалай аласыздар.

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Аустриядағы турнирге қатысады

Басқа 1 сағат бұрын

Таэквондодан Қазақстан құрамасы Аустриядағы турнирге қатысады

Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды

Дзюдо 2 сағат бұрын

Бүгін дзюдодан Әлем чемпионатында Ғұсман Қырғызбаев ел намысын қорғайды

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады

Футбол 2 сағат бұрын

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур ойындары басталады

«Елімай» қазақстандық ойыншыларды қатарына қосады

Футбол 2 сағат бұрын

«Елімай» қазақстандық ойыншыларды қатарына қосады

Дзюдо: Әлем чемпионатының екінші күнінде кім шығады?

Дзюдо 4 сағат бұрын

Дзюдо: Әлем чемпионатының екінші күнінде кім шығады?

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды

Бокс 5 сағат бұрын

Фаниль Рафиков ресейлік Мариф Пираевты қапы қалдырды