06.09.2024
Биыл Олимпиадаға қатысқан спортшы кісі қолынан қаза тапты

Жақында Париж Олимпиадасында бақ сынаған угандалық желаяқ Ребекка Чептегеи кісі қолынан қаза тапты. Оны азаматтық некедегі күйеуі өлтірген деген күдікке ілінді.
Спортшы азаматтық некедегі күйеуімен жылжымайтын мүлікке байланысты сөзге келген. Ер адам Ребекканың үстіне бензин құйып, өртеп жіберген деген болжам айтылуда.
Спортшы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне араша түсе алған жоқ. Ол аурухана төсегінде қайтыс болды.
Ребекка Чептегеи биыл Парижде өткен Олимпиада ойындарында марафонда бақ сынады. Ол небәрі 33 жаста болатын.
