06.09.2024
Паралимпиада: Жүзуші Сиязбек Дәлиев финалға шықты

ҚР Туризм және Спорт министрлігі
Сиязбек Дәлиев Паралимпия ойындарының финалына шықты.
Пара жүзуден S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде өнер көрсеткен Сиязбек Дәлиев аталған қашықтықты 36.42 секундта бағындырып, финалға жолдама алды.
Финал Астана уақытымен 20:52-де өтеді.
