3 күн бұрын

Өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жетістігі қандай?

Өткен аптадағы қазақстандық спортшылардың жетістігі қандай?

Өткен аптада қазақстандық спортшылар бірқатар жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Бұл жөнінде Sport12 сайты Туризм және Спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Ұлттық құрама спортшылары 43 алтын, 32 күміс, 37 қола (жалпы 112 медаль) жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Дзюдо: Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасының палуандары 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) жарыс жеңімпазы атанса, Ғалия Тынбаева (48 келі) күміс жүлдеге ие болды.

Әуесқой бокс: Біріккен Араб Әмірліктерінде аяқталған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан боксшылары 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

Академиялық ескек есу: Қытайдың Шэньян қаласында ұйымдастырылған академиялық ескек есуден U23 Азия чемпионатында жерлестеріміз 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрес: Испанияда өткен 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында Ризабек Айтмұхан (97 кг) алтын, Камиль Куруглиев (92 кг) қола жүлдегер атанды.

Кәсіпқой бокс: Бек Нұрмағанбет АҚШ-та өткен бокс кешінде жергілікті боксшы Джошуа Конлимен (17-7-1, 11 КО) жұдырықтасып, екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

«Астана» үздіктер қатарына жақындай түсті

Футбол 7 сағат бұрын

«Астана» үздіктер қатарына жақындай түсті

 Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

Күрес 18 сағат бұрын

 Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте екі сатыға жоғарылады

«Бавария» Чемпиондар лигасында тоғыз гол соққан алғашқы команда атанды

Футбол 19 сағат бұрын

«Бавария» Чемпиондар лигасында тоғыз гол соққан алғашқы команда атанды

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі

Футзал 19 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Ливиямен кездеседі

«Барыс» жаңа маусымда алғаш рет жеңіске жетті

Хоккей 1 күн бұрын

«Барыс» жаңа маусымда алғаш рет жеңіске жетті

Бразилия алтыншы мәрте чемпион атана ма?

Футзал 1 күн бұрын

Бразилия алтыншы мәрте чемпион атана ма?