2 күн бұрын

Шахмат Олимпиадасы; Еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы да жеңіске жетті

Шахмат Олимпиадасы; Еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы да жеңіске жетті

Спортты дамыту дирекциясы

Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасында (45th FIDE Chess Olympiad) еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы кезекті ойынын өткізді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ерлер құрамасы 2513, № 41) Оңтүстік Африка Республикасын (2302, № 79) 3½–½ есебімен сенімді түрде жеңді. Жігіттеріміздің арасынан Махнёв, Нөгербек, Сүлейменов қарсыластарынан айласын асырса, Аңсат тең есепті қанағат тұтты. Енді ерлеріміз Әзірбайжанмен (2657, № 12) күш сынасады.

Ал әйелдер құрамасы болса (2373, №10), рейтинг жағынан төмен Кубаға (2215, № 29) еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 4–0. Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман мен Амина Қайырбекова да қателікке жол бермеді.
Аруларымыз енді ТОП-10-дағы Әзірбайжанмен (2398, № 6) өзара мықтыны анықтайды.

Барлығы 183 елдің қатысуымен өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында әйелдері құрамасы 10 ұпаймен 6-орында тұрса, ерлеріміз 8 ұпаймен 35-орында келеді.

 

Чемпиондар лигасы: Бүгін «Барселона» командасы франциялық «Монакомен» кездеседі   

Футбол 1 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: Бүгін «Барселона» командасы франциялық «Монакомен» кездеседі   

«Барыс» - «Ак Барс»: Алты ойынға созылған сәтсіздік аяқтала ма? 

Хоккей 1 сағат бұрын

«Барыс» - «Ак Барс»: Алты ойынға созылған сәтсіздік аяқтала ма? 

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі қашан өтеді

Бокс 2 сағат бұрын

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі қашан өтеді

Дәулет Тұрлыханов елімізде спорт саласында қандай кемшіліктер бар екенін айтты

Футбол 5 сағат бұрын

Дәулет Тұрлыханов елімізде спорт саласында қандай кемшіліктер бар екенін айтты

Қазақстан және Ливия ойынынан көріністер

Футбол 5 сағат бұрын

Қазақстан және Ливия ойынынан көріністер

2025 жылдан бастап барлық командада әйелдер футболына маңыз беріледі

Футбол 5 сағат бұрын

2025 жылдан бастап барлық командада әйелдер футболына маңыз беріледі