4 күн бұрын

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Астанада шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтеді

Спортты дамыту дирекциясы

Астана қаласында 1-5 қазан аралығында («Сарыарқа» велотрегінің қасындағы ашық алаңқайда) шорт-тректен ересектер арасында жеке қашықтық бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жолы еліміздің 10-нан астам өңірінен таңдаулы спортшылар сынға түседі. Бұл қатарда Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мадина Жанбусинова мен Яна Хан сынды халықаралық деңгейде танылған отандастарымыз бар. Жарыс арқылы бапкерлер келе жатқан маусымда халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын Ұлттық құраманы жасақтайды.

«Бұл чемпионат біз үшін маңызды. Қысқы маусым барысында халықаралық жарыстарға баратын 20 спортшыны (12 ер, 8 әйел) іріктейміз. Жарыс кезінде неге және қандай қашықтықтарға басымдық берілетінін нақтыладық. Мұндағы мақсатымыз – бір-бірінің орнын баса алатын команда жасақтау. Маусым ұзаққа созылады. Әлем Кубогының 6 кезеңі бар. Бұл жарақат алған шорт-трекші болса, оның орнын ойсыратпай, эстафетада бір деңгейді ұстап тұруға көмектеседі»,-деді шорт-тректен Мемлекеттік жаттықтырушы Азамат Әлиев СДД баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 6 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 6 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 6 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 6 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 7 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 7 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады