1 күн бұрын

Азия чемпионаты: Волейболдан «Қуаныш» клубы қолаға таласады

Азия чемпионаты: Волейболдан «Қуаныш» клубы қолаға таласады

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Таиландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер клубтары арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, санаулы сәттер бұрын «Чартчай» кешенінде еліміздің «Қуаныш» клубы жартылай финалда Вьетнамның LPBank Ninh Binh командасынан 1-3 есебімен жеңіліп қалды (23-25, 27-25, 25-18, 25-22).

Сәл ертеректе NEC Red Rockets Kawasaki (Жапония) клубы жарыс қожайыны Nakhonratchasima QminC клубын 3-2 есебімен (23-25, 22-25, 25-17, 25-19, 15-10) жеңіп, финалға жолдама алып қойған. Ақтық матч 29 қыркүйекте өтеді. Қола медальді «Қуаныш» пен Накхонратчасима сарапқа салады.

Бүгін финалға шыққан Жапония мен Вьетнам өкілі финал нәтижесіне қарамастан, әлем чемпионатында Азия құрлығының атынан сынға түседі. Волейболдан клубтар арасындағы әлем чемпионаты (FIVB) биыл 16-22 желтоқсан аралығында Қытайда өтеді.

Айта кетейік, СҚО-ның командасы сары құрлық чемпионатын А тобында бастап, алғашқы ойында Вьетнамның Duc Giang Chemical клубын айқын басымдықпен ұтқан (3-0). Ал 2-турда жарыс қожайыны Nakhon Ratchasima QminC командасы әжептеуір қарсылық танытты. Алайда «Куаныш» ойыншылары бесінші партияда 15-13 есебімен басым түсті (3-2). Ізін ала Гонконгтың Kwai Tsing клубы біздің чемпиондарымыздың «құрбанына» айналды (3-0).

Осыдан кейін Қазақстан клубы ширек финалда Иранның «Сайпа Клаб» ұжымын 3-1 (24-26, 25-15, 25-18, 25-12) орта жолда қалдырды. Осы матчта Сана Анарқұлова 24 ұпай, тағы бір волейболшымыз, команда капитаны Юлия Дымар 17 ұпай жинап, үздік бомбардир атанды.

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Футзал 6 сағат бұрын

Бүгін футзалдан әлем чемпионатының ширек финал ойындары басталады

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футбол 6 сағат бұрын

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Футзал 6 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен ойынға дайындығын бастады

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Бокс 6 сағат бұрын

Қуат Хамитов бокстағы алғашқы кездесуін сәтті өткізді

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Париж-2024 7 сағат бұрын

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің жаңа бас хатшысы сайланды

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады

Бокс 7 сағат бұрын

Қазақстан бокс құрамасының алдағы уақытта жоспары дайын болады