2 сағат бұрын

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды

Спортты дамыту дирекциясы

Мажарстанның Сомбатхей қаласында аяқталған спорттық гимнастикадан Әлем Кубогында Ұлттық құрама 2 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны – 13.166. Бұл 20 жастағы Дарьяның Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесі.

Осыдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы – 14.300.

Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.

Осымен 2024 жылға жоспарланған Challenge Cup series жарыстары аяқталды. Биыл Әлем Кубогы Анталья, Осиек, Варна, Копер және Сомбатхей қаласында өтті.


Спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтеді.

Басқа 19 минут бұрын

Спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтеді.

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Футбол 37 минут бұрын

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Шаңғымен тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко төртінші орын алды

Футбол 2 сағат бұрын

Шаңғымен тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко төртінші орын алды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды

Басқа 2 сағат бұрын

Спорттық гимнастикадан әлем кубогында ел құрамасы 2 алтын медаль жеңіп алды

Поль Погба «Ювентустан» кетеді

Футбол 3 сағат бұрын

Поль Погба «Ювентустан» кетеді

Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Теннис 3 сағат бұрын

Бүгін Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды