14.10.2024

Pavlodar Open турнирінде 200-ден астам шахматшы бақ сынайды

Pavlodar Open турнирінде 200-ден астам шахматшы бақ сынайды

Павлодарда 17 елден келген танымал гроссмейстерлер мен халықаралық шеберлерді жинаған Pavlodar Open 2024 халықаралық шахмат турнирі басталды. Бұл жөнінде Қазақстан шахмат федерациясы мәлім етті.

Сайысты KazChess/ Қазақстан шахмат федерациясы Павлодар облысы әкімдігінің және федерацияның бас серіктесі Freedom Holding Corp. пен «HaGi Павлодар» компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Бұл турнир жақында 2024 жылғы Қазақстан Кубогының екінші кезеңі -Өскеменде аяқталған Oskemen Open турнирін жалғасы ретінде өтіп Кубоктың үшінші кезеңі болып саналады. 21 қазанға дейін швейцариялық жүйе бойынша өтетін 10 турда шахматшылар екі турнирде бақ сынасады: «Masters» турниріне рейтингі 1900-ден төмен емес 90-нан астам спортшысы және «Open» жарысына рейтингі 2100-ден аспайтын 116 ойыншы қатысады.

«Қазақстан шахмат федерациясының ең басты мақсаттарының бірі - еліміздің барлық өңірлерінде ірі халықаралық шахмат турнирлерін өткізу. Мұндай ашық турнирлердің сериясы дәстүрге айналды деп айтуға болады. Олардың жоғары деңгейдегі қатысушылар құрамы қазақстандық шахматшыларға бірегей жарыс тәжірибесін алуға мүмкіндік беріп, халықтың шахматқа деген қызығушылығын арттырады. Pavlodar Open – осы стратегияның жүзеге асуы мен федерация, жергілікті атқарушы органдар және бизнес-қоғамдастық арасындағы нәтижелі ынтымақтастықтың жарқын үлгісі», – деп атап өтті KazChess президенті Тимур Турлов жарыс басталар алдында.

Павлодарда 2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан халықаралық турнирдің алдында ашылу рәсімі өтті. Іс-шарада Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликова, KazChess вице-президенттері Марат Есенов, Александр Бабенко, Жароков Бикет, федерацияның Павлодар облысы бойынша филиалының төрағасы Шпейзер Артур, сондай-ақ басқарма өкілдері мен ойыншылар қатысты.

«Masters» турнирінде 21 гроссмейстер мен 15 халықаралық шебер қатысады, соның ішінде: өткен жылғы Кубок жеңімпазы армениялық Мануэль Петросян (2631) мен Арам Акопян (2617), қытайлық Бай Цзиньши (2549), Aktobe Open 2023 жеңімпазы ирандық Бардия Данешвар (2698), Өзбекстан құрамасында 2022 жылғы Олимпиада чемпионы Джахонгир Вахидов (2571) пен үндістандық гроссмейстер Сурья Шехар Гангули (2598) және тағы басқалар бар.

Сондай-ақ, Венгрия астанасы Будапештте өткен 45-ші шахмат олимпиадасында жақсы нәтиже көрсеткен Қазақстанның ерлер құрамасының 3 ойыншысы да қатысады: Денис Махнёв (2551), Әлішер Сүлейменов (2484) және Алдияр Ансат (2457). Сонымен қатар бұрынғы жылдары ұлттық құрама сапында көп ойнаған Муртас Қажғалеев (2481), Жандос Ағманов (2458) және шілде айында Астанадағы «Masters» турнирінде жеңіске жеткен Азамат Өтегалиев (2418) ойнайды.

Masters сайысында жігіттермен бірге Қазақстанның әйелдер құрамасының ойыншылары Алуа Нұрман (2356) және Әсел Серікбай (2237), сондай-ақ өзбек шахматының жаңа жұлдызы Афруза Хамдамова (2330) да бақ сынайды.

 «Masters» турнирінің жалпы жүлде қоры – 24 млн теңге, оның ішінде жеңімпазға 5 млн теңге, 15-ші орын алғанға – ₸400 мың, әйелдер арасындағы үздік нәтиже үшін – ₸1 млн қарастырылған.

«Open» турнирінің жүлде қоры – 4,5 млн теңге: 1-ші орынға – 1 млн теңге, әйелдер мен ардагерлер арасындағы үздік нәтижеге (1964 ж.т. және одан үлкен) – ₸200 мың, 10 және 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы үздік нәтижеге – ₸150 мың.

2024 жылғы Қазақстан кубогының бірінші кезеңі – Владимир Дворкович Мемориалы – Aktobe Open 2024 сайысы мамыр айының соңында Ақтөбеде өткен. Кубоктың қорытындысы қараша айынның ортасында Алматыда нокаут жүйесі бойынша өтетін финалда белгілі болады.

Зарина Дияс Румыниядағы доданы сенімді жеңіспен бастады

Теннис 10 минут бұрын

Зарина Дияс Румыниядағы доданы сенімді жеңіспен бастады

Әбиба Әбужақынова IJF рейтингінде үшінші орынға көтерілді

Дзюдо 38 минут бұрын

Әбиба Әбужақынова IJF рейтингінде үшінші орынға көтерілді

«Бәйтерек» монументінің авторы «Манчестер Юнайтедке» жаңа стадион салады

Футбол 2 сағат бұрын

«Бәйтерек» монументінің авторы «Манчестер Юнайтедке» жаңа стадион салады

Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас ұсынылды

ММА/UFC 2 сағат бұрын

Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас ұсынылды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері спорттан шеттетілді

Басқа 2 сағат бұрын

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жүлдегері спорттан шеттетілді

Нұрқожа Қайпанов: Әлем чемпионымын деп жүре бермеймін ғой

Күрес 2 сағат бұрын

Нұрқожа Қайпанов: Әлем чемпионымын деп жүре бермеймін ғой