04.11.2024

Депутат: Қазақстандағы 709 мектепте спорт залы жоқ

Депутат: Қазақстандағы 709 мектепте спорт залы жоқ

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы Сәрсенғалиев еліміздіегі спорт саласының дамы жөнінде пікірін білдірді.

Оның айтуынша, бұл салада көптеген проблема бар. Бірқатар мектептерде спорт залы жоқ болса, ендігі бірінде құрал-жабдықтар тозған. 

«Қазақстандағы 709 мектепте спорт залы жоқ! Қандай бұқаралық спортты айтамыз?! Өзім төрағалық ететін “Жастарды қолдау жөніндегі республикалық кеңесте” «Қазақстандағы балалар спорты және бұқаралық спорт проблемалары» тақырыбында қызу талқылау өтті. Кеңестің отырысына ҚР Туризм және спорт вице-министрі, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі шақырылды.
Проблема өте көп:
1. Аймақтардағы мектептерде спорттық жарақтар жарамсыз. Мысалы Абай облысындағы спорттық инаентарлардың 80-90% тозған!
2. Қазір Қазақстандағы 709 мектепте спорт зал жоқ. Сол себепті оқушылар дене шынықтыру сабағын оқу кабинеттерінде өтуге мәжбүр.
3. Дене шынықтыру мұғалімдерінің мектепте оқушылармен сыныптан тыс, секциялық және үйірме сабақтарын өткізуге деген ынтасы төмен. Себебі, 2-3 сыныптан тыс, секциялық және үйірме сабақтарын өткізгені үшін ұстаздарға 17 797 теңге ғана төленеді.
4. Қала мен елді-мекендерде бұқаралық спорт үшін қойылған жарақтар сынған, жарамсыз.
5. «DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» сынды бағдарламалардың орындалуын қадағалайтын арнайы тетіктер жоқ. Бюджеттен ақша беріледі, бірақ әкімдікке тапсырыс алған кәсіпкерді бақылайтын уәкілеттік берілмеген.
6. «DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» тапсырысыр алған кейбір кәсіпкерлер бір квотаны алуға мүмкіндігі бар баланы бірнеше аудандық үйірмелерге тіркеу арқылы мемлекет ақшасын негізсіз алып отыр.
7. «DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» арқылы неге бала келіп жүргенін бақылау мүмкін емес. Сол үшін орталықтандырылған Face-ID сынды тексеріс жүйесін іске қосу қажет. Қазір мониторингтік топтар құру керек.
8. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыстары бітпей жатыр. Сол себепті бәріне бірдей типтік жоба жасалау керек. Қаржысы да бірдей болуы шарт.
9. DamuBala», «ArtSport», «DaraBala» сынды жобалардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстары нашар. Ата-аналар секцияларға тіркеу басталғанынан хабарсыз болады.
10. Өңірлердегі балалардың жарыстарға қатысуына бөлінген бюджетті ашық дереккөздерде жариялап, оны қоғамдық бақылауға алу керек», - деді ол.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Надежда Рябец әлем чемпионатынан тыс қалды

Бокс 1 сағат бұрын

Надежда Рябец әлем чемпионатынан тыс қалды

Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды

Бокс 1 сағат бұрын

Надежда Рябец жарыс жолынан шығып қалды

Виктория Графеева келесі айналымда!

Бокс 2 сағат бұрын

Виктория Графеева келесі айналымда!

Қостанай тумасы Владислава Кухта Ливерпульде жеңіліс тапты

Бокс 2 сағат бұрын

Қостанай тумасы Владислава Кухта Ливерпульде жеңіліс тапты

Геннадий Головкин Сабырхан Төреханға не айтты?

Бокс 3 сағат бұрын

Геннадий Головкин Сабырхан Төреханға не айтты?

Дмитрий Бивол шаршы рингке қашан оралатынын айтты

Бокс 3 сағат бұрын

Дмитрий Бивол шаршы рингке қашан оралатынын айтты