25.12.2024

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге жымқырған

Спортты дамыту дирекциясының басшысы 584 млн теңге жымқырған

«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров айтты.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады. Олар кәсіпкерлік субъектілерімен бірлесіп спорт жабдықтарын сатып алу, сондай-ақ туроператорлармен жоғары құн бойынша шарттар жасасу арқылы 584 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, - деді ресми өкіл баспасөз конференциясында. 

Сонымен қатар, кәсіпорын директоры жеке компанияның директоры бола тұра, 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында футбол мен допты хоккейді дамытуға бөлінген 161,9 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Бокс 8 сағат бұрын

Он екінші финал! Айбек Оралбай нокдаунмен қарсыласын жеңді

Он бірінші финал! Сабыржан Аққалықов тартысты айқаста басым түсті

Бокс 9 сағат бұрын

Он бірінші финал! Сабыржан Аққалықов тартысты айқаста басым түсті

Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 9 сағат бұрын

Ертуған Зейнуллинов - Әлем кубогының қола жүлдегері

Оныншы финал! Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Бокс 9 сағат бұрын

Оныншы финал! Махмұд Сабырхан сенімді жеңіске жетті

Тоғызыншы финал! Надежда Рябец сенсациялық жеңістің авторы атанды

Бокс 9 сағат бұрын

Тоғызыншы финал! Надежда Рябец сенсациялық жеңістің авторы атанды

Аида Әбікеева - Әлем кубогының қола жүлдегері

Бокс 10 сағат бұрын

Аида Әбікеева - Әлем кубогының қола жүлдегері