14 сағат бұрын
Cемсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды.
Дубайда (БАӘ) семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды.
Жаңа маусымға дайындық негізінде өткен ОЖЖ 12 күнге созылды.
Оған құрама көшбасшылары Руслан Курбанов, Артем Саркисян, Ерлік Сертай, Әйгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик, Бақдәулет Кұралбекұлы және басқа да семсерлесушілер қатысты.
Негізгі жұмыстар физикалық дайындықты жақсарту, төзімділікті арттыру, сондай-ақ семсерлесушілердің техникалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.