2 күн бұрын
Әлем чемпионатында Қазыбек Нөгербек тәжірибелі шахматшыларды жеңді
Фото: Қазақстан шахмат федерациясы
Қазақстандық шахматшы Нью-Йорк (АҚШ) қаласында өткен рапид және блиц бойынша әлем чемпионатында Қазыбек Нөгербек ТОП-10-ға кірмесе де, тамаша ойындарымен есте қалды.
Ол рапидте Александр Онищук (2668) пен Прагнанандха (2688) сияқты мықтыларды жеңіп, турнирдің бірінші күнінде 5 мүмкіндіктен 4 ұпай жинады.
Блицте Қазыбек Бу Сянчжи (2760), Шахрияр Мамедьяров (2705) және Арджун Эригайси (2749) сияқты шеберлердің жеңіп, алғашқы 11 турдан кейін үздік сегіздіктің қатарына жақындады. Дегенмен, турнирді 22-орынмен аяқтады.