2 күн бұрын
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды
Швейцарияның Базель қаласында өткен жарыста ел құрамасы финалда Мысыр спортшыларымен кездесті.
Командалық жарыста еліміздің намысын Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Нұржан Әбжанов және Георгий Тинников қорғады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы рапирамен семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогында үшінші орын алған еді. Сонымен қатар жекелей сында Софья Ақтаева жеңімпаз атанды.