11.01.2025

Елордада отандық спортты дамыту әлеуеті талқыланды

Елордада отандық спортты дамыту әлеуеті талқыланды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Астанада ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Асхат Аймағамбетов пен Нартай Сәрсенғалиев, Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Василий Левит спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

«Отандық спортты дамыту: проблемалар мен перспективалар» тақырыбы аясында өткен іс-шарада спортты дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Жиынға қатысушылар Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан спорт туралы заң жобасының негізгі ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құжатты жетілдіруге бағытталған бірқатар нақты міндеттерді көтерді. Спорт мекемелерінің басшылары мен сала сарапшылары өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Заң жобасын әрі қарай дайындау барысында аталған ұсыныстар ескеріледі.

Мемлекеттік органдардың, Парламенттің және спорт қауымдастығы өкілдері арасындағы сындарлы диалог отандық спортты дамытуға бағытталған кешенді шешімдер қабылдауда маңызды қадам болды.

Анталиядағы турнирдің финалында қазақстандық дерби өтеді

Теннис 2 сағат бұрын

Анталиядағы турнирдің финалында қазақстандық дерби өтеді

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Футзал 3 сағат бұрын

Қазақстан жастар құрамасы жолдастық кездесуде Қырғызстанды жеңді

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Басқа 3 сағат бұрын

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды

Тони Фергюсон UFC-мен келісімшартын бұзды

ММА/UFC 4 сағат бұрын

Тони Фергюсон UFC-мен келісімшартын бұзды

Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Бокс 5 сағат бұрын

Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Самородов қазақстандық клубқа қарсы ойнайды

Футбол 5 сағат бұрын

Самородов қазақстандық клубқа қарсы ойнайды