14.01.2025
Қазақстандық спортшылар таэквондодадан Сауд Арабиясында өткен турнирде топ жарды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Сауд Арабиясының Мекке қаласында WT таеквондодан Корольдіктің ашық чемпионаты өтті.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 49 клубтан жиналған 500-ге жуық татами шеберінің арасында Ұлттық құрама спортшылары да бар. Бұл қатарда Тамерлан Тілеулес пен Нұрбек Ғазез 5 жекпе-жектен өткізіп, өз салмағында топ жарды.
Тамерлан (58 кг) жарыс қожайыны әрі Азия чемпионы Рияд Хамдиден, ал Нұрбек (63 кг) Олимпиаданың 2 дүркін жүлдегері тунистік Мұхаммед Халил Жендубиден басым түсті.
Айта кетейік, қос отандасымыз Алматы қаласындағы SC Dostar клубында жаттығады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас