18.01.2025

Темірлан Ерланов «Ордабасыдан» кетті

Темірлан Ерланов «Ордабасыдан» кетті

«Ордабасы» ФК әлеуметтік желісінде келісімшарттың аяқталуына байланысты Темірлан Ерлановпен қош айтысқанын хабарлады.

Темірлан кәсіби мансабын Қаскелең қаласының «Сұңқар» футбол клубында бастаған. Одан кейін Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы «Восток», «Тобыл», «Ақтөбе», «Ордабасы» сынды клубтардың намысын қорғады.

31 жасар қорғаушы шымкенттік клуб жейдесінде 157 ойын өткізіп, 16 гол соқты. «Ордабасымен» бірге ойыншы Қазақстан кубогының финалында ойнаған, сондай-ақ 2022/23 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас