18.01.2025

Биатлон майталманы 31 жасында мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Биатлон майталманы 31 жасында мансабын аяқтайтынын мәлімдеді

Биатлоннан бес дүркін олимпиада чемпионы Йоханнес Бё осы маусым аяқталысымен мансабын аяқтайтынын әлеуметтік желіде хабарлады.

– 13 жыл бойы мен әлемнің үздік құрамасының намысын қорғадым. Соңғы 6 жылда спорт пен отбасыны қатар алып жүрдім. Бұл ғаламат болды. Бірақ қаншалықты қиын болғанында жасырмаймын. Енді отбасыны бірінші орынға қоятын уақыт келді,– деді Норвегиялық биатлоншы.

Йоханнес Бё – биатлоннан 5 дүркін олимпиада чемпионы, 20 дүркін әлем чемпионы, 5 дүркін әлем кубогының иегері саналады. Жекелей жарыстан 3 мәрте, спринтерлік жарыстан 3 мәрте, масс-старттан 3 мәрте, із қуалаудан 3 мәрте әлем кубогында топ жарған.

Одан бөлек аңыз биатлоншы олимпиада ойындарында 2 күміс, 2 қола және әлем чемпионаттарында 13 күміс, 5 қола медаль иегері атанған.

Бё мансабында жалпы 348 рет жарыс жолына шығып, жекелей бәсекеде 135 рет (88 алтын, 25 күміс, 22 қола), ал эстафетада 72 рет (42 алтын, 19 күміс, 11 қола) мойынына медаль асынған.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас