19.01.2025
Дани Ольмо қатардан шығып қалды
«Барселона» футбол клубының жартылай қорғаушысы Дани Ольмо жарақат алды.
Испаниялық хавбек кеше өткен «Хетафеге» қарсы ойында табан бұлшық етін созып алған екен. Осыған байланысты Ольмо келесі ойынға қатыса алмайды. Ал жарақаттың жазылу мерзімі әзірге белгісіз.
Еске сала кетейік, каталониялық клуб келесі ойында, Чемпиондар лигасының 7 туры аясында «Бенфикаға» қонаққа барады. «Блауграналықтар» ЧЛ осы маусымының 6 ойынында 15 ұпай жинап, жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде екінші орында келеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи