20.01.2025

Сан-Марино мен Гондурастан төмен: IFFHS рейтингінде ҚПЛ 86-орында тұр

Сан-Марино мен Гондурастан төмен: IFFHS рейтингінде ҚПЛ 86-орында тұр

Фото: ru.pinterest.com

Халықаралық футбол тарихы және стаститика федерациясы (IFFHS) 2024 жылғы әлем елдері чемпионаттарының рейтингін жариялады. 

Рейтингтің көш басында 1992 балл жинаған италиялық А сериясы тұр. Екінші орындағы Ла Лиганың еншісіне 1885 балл жазылған. Үшінші орындағы Англияның Премьер-Лиганың еншісінде - 1871 балл.
Сондай-ақ алғашқы ондыққа Бразилия, Германия, Аргентина, Португалия, Франция, Бельгия және Нидерланд кіреді.

Ал Қазақстан чемпионаты небәрі 86-орынға лайық деп танылған. ҚПЛ Никарагуа, Танзания, Фарер аралдары, Гондурас, Гватемала және Сан-Марино чемпионаттарынан төмен орналасқан. 



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас