20.01.2025
Флорентино Перес «Реал Мадрид» клубының президенті болып қайта сайланды
Лауазымды тұлға сайлауда жалғыз кандидат болды, ол осы қызметті 2029 жылға дейін атқарады.
78-жастағы Флорентино Перес алдымен 2000-2006 жылдарда аталған командаға жетекшілік етсе, одан кейін 2009 жылдан бері үздіксіз басқарып келеді.
Оның басшылығымен корольдік клуб жеті мәрте Испания чемпионы атанса, үш мәрте Испания кубогын төбесіне көтерді.
Сондай-ақ жеті мәрте Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырынан көрінсе, алты мәрте УЕФА суперкубогына ие болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас