20.01.2025
Универсиада-2025: Биатлоншыларымыз жүлде жеңе алмады
Фото: torino2025_fisugames
Италияның Турин қаласында өткен қысқы универсиада ойындарында биатлоннан бәсекелер өтті.
Ерлер арасында із қуалау жарысында отандастарымыз 12,5 шақырымдық трассада жарыс жолына шықты. Қазақстандық спортшылардың арасында үздік нәтиже көрсеткен биатлоншы – Никита Акимов. Никита белгіенген межені 39:08.7 минутта бағындырып, мәре сызығын бесінші болып қиды. Ал қалған спортшыларымызға келсек, Владислав Кереев – 6 орын (39:23.0), Кирилл Бауэр – 9 орын (40:14.7), ал Ержанат Қуандық – 11 орынға (40:37.2) тұрақтады.
Ал қыздарымыз дәл осы сайыстың 10 шақырымдық трассасында сынға түсті. Арина Крюкова мәреге 39:36.4 минутта келіп, жарысты алтыншы орында аяқтады. Милана Генева – 8 орынға табан тіресе (40:33.6), Алина Скрипкина – 19 орынды місе тұтты (43:25.5). Айша Ракишева болса, жарысты аяқтай алмады.
Еске сала кетейік, Қазақстан командасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте сегізінші орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи