21.01.2025
Қазақстандық ойыншы топ-5 лигаға кетуі мүмкін
«Зенит» футбол клубы жайлы жазатын «Кафешка» телеграм арнасының мәліметінше, Нұрәлі Әліпке топ-5 лигадағы үш клуб скауттарын жіберген.
Үш клубта да ресейлік ойыншы өнер көрсетеді екен.
Нұрәлі Әліп 1999 жылдың 22 желтоқсанында дүниеге келген. 2023 жылдан бері «Зенит» клубының сапында ойын көрсетіп келеді.
Оған дейін алматылық «Қайрат» командасының намысын қорғады.
Қорғаушы Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 33 ойынға қатысты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас