21.01.2025

Қысқы Универсиада: 21 қаңтарда кімдерге сенім артамыз?

Қысқы Универсиада: 21 қаңтарда кімдерге сенім артамыз?

Фото: havean_ice_day

Бүгін, 21 қаңтар, Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII қысқы универсиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар шорт-трек бәсекелерінен сынға түседі

Шорт-тректен ерлер арасында 1500 метрге конькимен жүгіру жарысында ел намысын Дамир Курманов, Айбек Темірхан және Әлішер Абулкатимов қорғайды.
Ал әйелдер арасында дәл осы сайыстың іріктеу кезеңінде отандастарымыз Анастасия Галешина, Полина Омельчук және Алина Ажғалиева жарыс жолын бастайды.

Сонымен қатар аталған спортшылар аралас командалық эстафетада бақ сынайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан командасы медальдар жиынтығы бойынша жалпы командалық есепте сегізінші орында келеді. Ел құрамасының қоржынында әзірге 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас