23.01.2025
Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Тайваньмен кездеседі
Фото: Қазақстан хоккей федерациясы
Латвия астанасы Рига қаласында шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасыТайвань құрамасымен кездеседі.
Ойын қазақстандық уақытпен 19:00-де басталады.
Екі құрама қазірге дейін екі мәрте кездесті. 2020 жылы Тайвань 4:3 есебімен жеңсе, 2019 жылы Қазақстан 3:1 есебімен басым түсті.
Биыл әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер Ұлыбританияға 1:3 есебімен есе жіберсе, Жаңа Зеландияны 14:3 есебімен тізе бүктірді.
Ал Тайвань құрамасы Нидерланд пен Латвиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ қазақстандық хоккейшілер бұдан кейін 25 қаңтарда Нидерланд, 26 қаңтарда Латвиямен кездеседі.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас