23.01.2025

ҚФФ президенті Марат Омаров алдағы жоспарымен бөлісті

ҚФФ президенті Марат Омаров алдағы жоспарымен бөлісті

Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров алдағы жоспарымен бөлісті.

Бұл жөнінде ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

- Құрметті достар! Қазір мен ҚФФ аудиті және федерацияның ішкі жұмыстарымен танысып жатырмын. 10 ақпан күні УЕФА Президенті А.Чеферин мырзаға өзінің штаб-пәтерінде жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы футболды дамыту жоспарын және жаңа жобаларды талқылаймын жоспарлап отырмын. Сіздермен кездесу нәтижелерін міндетті түрде бөлісіп отырамын. Алдағы жұмыс жоспарымды да ұсынамын. Пресс-конференцияда мен ҚФФ және QFL-дағы құрылымдық реформаларды, Ұлттық құрамалардың басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік туралы жаңалықтармен де бөлісемін, - деп жазды ол.

Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас