23.01.2025

Павлодарда шаңғышы боранда адасып кетті

Павлодарда шаңғышы боранда адасып кетті

22 қаңтар күні Павлодар тас жолы маңында шаңғымен серуендеуге шыққан ер адам боранның салдарынан орманда адасып кеткен. Бұл туралы полицияға оның әйелі хабарлады.

Жұбайының айтуынша, кенеттен басталған боран ер адамның бағдарынан жаңылуына себеп болған. Ол орманда адасып, өз бетінше жолды игере алмаған. Оған қоса байланыс желісіде үзіліп кеткен екен.

Шұғыл қоңырау түскеннен кейін, құтқарушы қызметкерлер оқиға орнына дереу жетті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, олар іздеу жұмыстарын бастап кеткен. Қалың боран мен күрделі жол кедергілеріне төтеп берген полицейлер, 10 шақырымнан аса жолды жүріп өтіп, қар үстіндегі шаңғы іздерін байқады. Осы іздерді бағытқа ала отырып, олар адасқан азаматты тауып алды.

Табылған ер адамның жағдайы қанағаттанарлық болып шықты, медициналық көмек қажет болмады. Өз кезегінде жоғалған жігіт өзін құтқарған полицейлерге шынайы алғысын білдірді.

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Хоккей 13 сағат бұрын

Талғат Жайлауов «Номад» командасының бас бапкері болды

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Футбол 13 сағат бұрын

Николай Солодовников «Ұлытау» сапынан кетті

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Футбол 14 сағат бұрын

Дритон Цамай – «Астана» ойыншысы

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Футбол 14 сағат бұрын

Ресейлік қақпашы «Тұран» сапын толықтырды

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Футбол 15 сағат бұрын

Нұрсұлтан Құрман - Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты

Бокс 16 сағат бұрын

Абылайхан Жүсіпов ұлттық құрамаға кім шақырғанын айтты