23.01.2025

«Қайсар» құрамынан шетелдік барлық ойыншы кетті

«Қайсар» құрамынан шетелдік барлық ойыншы кетті

Фото: «Қайсар» футбол командасы

Футболдан «Қайсар» командасы құрамындағы барлық шетелдік ойыншылар кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Команда құрамынан беларусьтік Василий Совпель, Руслан Юденков, өзбекстандық Шохназар Норбеков кетті.
Биыл команда қазақстандық ойыншыларға сенім артып отыр. Ол жайында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев команда басшылығымен кездесуде айтқан болатын.

Осыған дейін бұл бастаманы «Ұлытау» мен «Оқжетпес» клубтары қолға алған еді.

Еске сала кетейік, «қасқырлар» QFL өткен маусымын 24 ойында, 34 ұпай жинап, сегізінші орында аяқтаған болатын.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас