24.01.2025

Қазақстандық теннисшінің алғашқы ойыннан-ақ есе жіберді

Қазақстандық теннисшінің алғашқы ойыннан-ақ есе жіберді

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР рейтингінде 110-орын) Францияның Кемпер қаласында өткен турнирдің 1/8 финалында күтпеген жерден француз Титуан Дрогеге (183-орын) жол берді.

Кукушкин бұл «челленджер» турнирінде жетінші нөмірмен өнер көрсеткен еді, алайда өзінен төмен рейтингтегі қарсыласына екі сетте – 3:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Матч 1 сағат 31 минутқа созылды. Дроге ширек финалда өзінің отандасы Пьер-Юго Эрбермен (147-орын) кездеседі.

Кемпер турнирінің жүлде қоры 181 250 еуроны құрайды. Жеңімпазға 25 740 еуро және 125 рейтингтік ұпай беріледі. Турнирдің басты фавориті француз Адриан Маннарино (75-орын) саналғанымен, ол да алғашқы айналымда жарыстан шығып қалды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас