24.01.2025
АҚШ-та өткен жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы дисквалификацияға ұшырады
Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовты (23-1, 17 КО) америкалық Малколм Джонспен (17-5-1, 10 КО) өткен жекпе-жектен кейін дисквалификациялады.
Ахмедов 31 қаңтарға дейін рингке шығуға және спарринг өткізуге тыйым салынды. Дисквалификация медициналық сипатқа ие және боксшының жекпе-жектен кейін тезірек қалпына келуіне көмектесуді көздейді. Ахмедовтың қарсыласы Джонсқа 3 наурызға дейін жекпе-жек өткізуге тыйым салынды.
Еске сала кетейік, Әли Ахмедов пен Малколм Джонс 18 қаңтар күні АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында кездесті. Жекпе-жек Ахмедовтың екінші раундта нокаутпен жеңіске жетуімен аяқталды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас